Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 бұйрығы
(2025.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 ж. 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.14.09. № 197-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025.19.03. № 113-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.14.09. № 197-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025.19.03. № 113-НҚ бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;