«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 396 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 396 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25488 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сатып алу жоспарларына (сатып алудың алдын ала жоспарына) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 13), 16), 32-1) және 36) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар енгізілуге жатпайды.»;

16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының талаптары осы Қағидалардың 287-тармағының 32-1) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;

34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34-1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.