«Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қазандағы № 128 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21654 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықтың декреттелген топтарына гигиеналық оқытуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
1) жеке медициналық кітапша - жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін дербес құжат;
2) медициналық цифрлық жүйе - денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
3) халықтың декреттелген тобы - халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға неғұрлым қауіп төндіретін адамдар;