«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрыққа 7-қосымша

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрі

2025 жылғы 16 маусымдағы

№ 52 бұйрыққа

7-қосымша

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау

әдістемесі


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бөлуге және олардың тәуекелдерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін тиімді басқару мақсатында мынадай рәсімдер жүзеге асырылады:

1) тәуекелдеді сәйкестендіру;

2) тәуекелдерді бағалау;

3) тәуекелдерді бөлу;

4) тәуекелдерді басқару.

Бұл ретте пайда болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарына, міндеттеріне және қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін белгісіз оқиға немесе шарт тәуекел болып табылады.

3. Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және бөлу мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мүмкіндігін талдау мақсатында жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін сәйкестендіру

 

4. Тәуекелді сәйкестендіру мынадай қадамдарды қамтиды:

1) басталуы ықтимал тәуекелдердің тізбесін жасау;

2) тәуекелдерді сипаттау;

3) тәуекелдердің туындау себептерін сипаттау;

4) тәуекелдер туындаған кезде орын алуы мүмкін салдарды сипаттау.

5. Инвестициялық және пайдалану кезеңдеріндегі тәуекелдер мынадай типтерге бөлінеді:

1) заңдық тәуекелдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеу тәуекелі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы құжаттамасының дұрыс жасалмау тәуекелі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары мен міндеттеріне байланысты өзге де тәуекелдер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.