(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2012.18.01 № 545-ІV ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Телерадио хабарларын тарату туралы

(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) абонент - телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға телерадио хабарларын тарату операторымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

2) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы - теле-, радиосигналды дара қабылдауға арналған жабдық (телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы);

3) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі - абонентке көру кезінде тілдерді таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі және одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі;

4) еркін қолжетімді теле-, радиоарна - көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна;

5) көпарналы хабар тарату - теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе;

6) міндетті теле-, радиоарна - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;

7) отандық теле-, радиоарна - Қазақстан Республикасының теле-, радиокомпаниялары кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырған теле-, радиобағдарламалардың және дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.