(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚТӨБЕ» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ» ҚА...

«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 3 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2049 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Ақтөбе» АЭА) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Ақтөбе» АЭА туралы ереже;

2) «Ақтөбе» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 8 қаңтардағы

№ 3 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласының оңтүстік бөлігіндегі «Оңтүстік айналма жол» айналма жолының бойында А. Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайын қоса алғанда 858 гектар аумақта, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекарада орналасқан.

АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

2. АЭА:

1) қазіргі заманғы жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестициялар тарту, экономика салалары мен өңірлерге жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру;

2) тиісті салалардың дамуына және Ақтөбе облысының бәсекеге қабілетті аумағында өндірілетін тауарлардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру және импортқа тәуелділікті азайту;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.