«Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы (күші жойылды)

«Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығымен күші жойылды

 

бұйырамын:

1. «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8676 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 26 қыркүйектегі 2013 ж. № 220 (28159) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың атауы келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.»;

аталған бұйрықпен бекітілген Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі - Көтермелеу) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес әзірленген.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.