(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН КАДАСТРЫН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ (ҚАЗА...

Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушы

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 18-02/163 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрi - Орман кодексі) 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргiзедi.

3. Мемлекеттiк орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажетті орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.

 

 

2. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi

 

4. Мыналар мемлекеттік орман кадастрының құжаттамасы:

1) мемлекеттік орман кадастры осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін мемлекеттік орман қорының орман кадастры кітабы;

2) орман иеленушінің шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептік кезеңдегі мемлекеттік орман қорының құрамындағы өзгерістер туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жыл сайын беріліп тұратын мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажет мәліметтер;

3) «Орман қоры мемлекеттік есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 630 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 нөмірімен тіркелген) орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу нысандары (бұдан әрі - Есепке алу материалдары) болып табылады.

5. Мемлекеттік орман иеленушілер және орман пайдаланушылар жыл сайын ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін, сондай-ақ қағаз тасығыштарды пайдаланып:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.