ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1, 2 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 12 405 717 446 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 913 806 526 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 286 899 962 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 5 201 425 304 мың теңге;
2) шығындар - 14 911 075 741 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 223 459 837 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 392 058 235 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 30 847 068 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 30 847 068 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 759 665 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 243 730 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 10,6 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 759 665 200 мың теңге.
2-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 740 450 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 516 575 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.»;
«8-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 850 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;
2) 14-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 6-1), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға;»;
«7-1) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;
7-2) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;
7-3) объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге;
7-4) коронавируспен (COVІD-19) күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақылар төлеуге;
7-5) арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге және олардың тұрғын үй төлемдеріне;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;»;
мынадай мазмұндағы 17-1), 36-1) 40-1) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге;»;
«36-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;»;
«40-1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге;»;
«41-1) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;»;
3) 19, 23, 24, 25, 26 және 27-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған резерві 231 696 458 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
«23-бап. 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 900 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
24-бап. 2021 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 100 200 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
25-бап. 2021 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 18 260 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
26-бап. 2021 жылға мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 45 034 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
27-бап. 2021 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2 481 143 489 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;
4) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 мамыр
№ 44-VІІ ҚРЗ
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы
Қазақстан Республикасының № 44-VІІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
№ 379-VІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2021 жылға арналған республикалық бюджет