(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТ...

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрінің

2022 жылғы 20 шілдедегі

№ 2 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Осы редакция 2025 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті

 стандарты

(2024.21.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024.27.08. № 419 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 21 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖБС) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі - ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

2) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер - ұлттық қауіпсіздік жүйесінде кәсіби қызметті және құқық қорғау органдарында тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

3) бакалавриат - кемінде 240 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.