(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫНДАҒЫ ДАЙЫНДАУШЫ ҰЙЫМД...

Осы редакция 2019 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы 1 ақпандағы

№ 316 қаулысымен бекітілген

 

 

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне қосу және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына орналастыру.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына орналастыру.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша оның өкілінің (бұдан әрі - оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бекітілген бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12439 нөмірімен тіркелген) «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.