«Қосшы каласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қосшы қаласының мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 239/60-8 шешімі
Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосшы қаласы мәслихатының «Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 85/19-8 (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 қантарда № 8687-03 болып тіркелді.) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей жылына 1 рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күніне - 15 ақпан:
әскери міндеттілерге, оқу жиындарына шақырылып, жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген кезеңде Ауғанстанға жіберілгендерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Отан қорғаушылар күніне - 7 мамыр:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тәжік-ауған учаскесінде шекараны күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1991 жылдары Таулы Қарабахтағы ұлтаралық жанжалды реттеуге қатысқан бұрынғы КСРО ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы әскери қызметшілерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;