«Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №239 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 270 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 457-1-тармақпен толықтырылсын:
«457-1. ЖҰШ полигонында технологиялық және бақылау ұңғымаларын бұрғылау, жабдықтау және игеру жөніндегі жұмыстар тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес жасайтын уран кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және игеру жобаларына қатаң сәйкестікте орындалады.»;
мынадай мазмұндағы 461-1-тармақпен толықтырылсын:
«461-1. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылар пайдалану блогының, кен орнының қышқылдандырылуына және игерілуіне мынадай кезеңдік стационарлық бақылауларды орындауды қамтамасыз етеді:
жерасты суларының деңгейі:
бақылау (процесті бақылауға арналған ұңғымалар, аралас көкжиектерді бақылауға арналған ұңғымалар, көлденең ағуды бақылауға арналған ұңғымалар) тоқсанына бір рет;
геофизикалық зерттеулер:
жерасты шаймалаудың технологиялық ұңғымаларында (сору және айдау), бақылау ұңғымаларында (процесті бақылауға арналған, аралас көкжиектерді бақылауға арналған, көлденең ағуды бақылауға арналған ұңғымалар) жылына бір рет.»;
465-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: