«Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 443 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖКҚ сатып алу, оның ішінде мердігерлер тарапынан сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
1) ашық конкурс;
2) бір көзден алу;
3) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);
4) тауар биржаларында;
5) Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ сатып алу.
Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖКҚ-ны сатып алу тапсырыс берушінің тізілімді (жүйені) міндетті түрде пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.