Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығы
(2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017.24.11. № 391 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.20.04. № 303 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.14.05. № 175 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 3-1-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары;
2) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017.24.11. № 391 бұйрығымен күші жойылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;