Ерлі-зайыптының біреуінің жеке арнайы жəне (немесе) жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тұрғын үй төлемдерін алушы ерлі-зайыптының екіншісінің жеке арнайы жəне (немесе) жинақ шоттарына аударылады.
3. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы) немесе отбасы мүшелері осы елді мекенде:
1) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;
2) тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы оның туындауы құқығын пайдаланса, оның ішінде қызмет өткеретін жерінде осы Заңның 101-6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құқықты пайдаланған болса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
4) зайыбының (жұбайының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін тұрғынжайы болған жағдайды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде тұрғынжайды иеліктен шығаруды жүргізсе, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің иеліктен шығарылуы есепке алынбайды;
5) меншік құқығында, оның ішінде меншікті қаражаты есебінен жəне (немесе) ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып алған не неке шартының, сондай-ақ сыйға тарту шартының талаптарымен немесе мұрагерлік бойынша пайда болған тұрғынжайы бар болса, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.
Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерінде жəне əскери қызметшіде мұрагерлік бойынша алынған тұрғынжайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы өзге де тұрғынжай пайда болған жағдайда да оларды тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.
4. Осы баптың күші курсантқа, кадетке жəне (немесе) тыңдаушыға, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіге, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіге, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамға қолданылмайды.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-4-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-4-бап. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, қайта есептеу жəне тоқтату
1. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеме олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Заңның 101-1-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген ерекше тəртіппен жүзеге асырылатын тұрғын үй төлемдерін қоспағанда, тұрғын үй төлемдерін алушының таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына оларды аудару арқылы жүргізіледі.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы тұрғын үй төлемдерін алушының өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр алаң есебімен айқындалады. Тұрғынжайдың шекті алаңы Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларында белгіленеді.
2. Тұрғын үй төлемдерін алушыға ағымдағы тұрғын үй төлемдері:
1) бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне, қызмет бабында бір елді мекеннен екіншісіне;
2) кадет, курсант, тыңдаушы лауазымына;
3) ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алуға жатпайтын лауазымға ауыстырылған (ауысқан, қабылданған) не іссапарға жіберілген немесе тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымнан босатылған күннен бастап тоқтатыла тұрады («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының қарамағындағы тұрғын үй төлемдерін алушыны қоспағанда).
Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне (немесе) əскери қызметші жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын, оның ішінде тиісті мемлекеттік мекеменің кадрына қабылдауға байланысты демалыста болған жағдайларда, тағайындалған тұрғын үй төлемдері тоқтатыла тұрмайды.
3. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері:
1) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің
1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - адам қызметін одан əрі өткеру үшін келген мемлекеттік мекеме тұрғын үйге мұқтаж деп таныған жағдайда, ағымдағы тұрғын үй төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің
2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - шет мемлекеттердің əскери, арнаулы оқу орнын немесе білім беру ұйымын бітірген күннен бастап;
3) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымға тағайындалған күннен бастап қайта басталады.
Лауазымға тағайындау немесе арнаулы мемлекеттік органның не əскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамының тізіміне енгізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта бастау туралы баянат берілген жағдайда, ағымдағы тұрғын үй төлемдері баянат тіркелген күннен бастап қайта басталады.
4. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері:
1) бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, отбасының құрамы өзгерген, оның ішінде бала (балалар) кəмелеттік жасқа толған;
2) бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне, қызмет бабында бір елді мекеннен екіншісіне ауыстырылған;
3) жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайды қайтарған;
4) мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғынжайдың жалға алу ақысының бір шаршы метрінің құны өзгерген;
5) тұрғын үй төлемдерін алушының баласы (балалары) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды сыйға немесе мұраға алған кезде қайта есептеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшалары бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу оқиғаның нақты басталған күнінен бастап, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянат тіркелген күннен бастап жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу тұрғынжайды тапсырған күннен бастап жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу жылжымайтын мүлікке құқықтар мемлекеттік тіркелген күннен бастап тұрғынжайды сыйға немесе мұраға алған баланы (балаларды) есепке алмай жүзеге асырылады.
5. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері:
1) тұрғын үй төлемдерін алушы арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің жəне əскери қызметшілердің жеке құрам тізімдерінен алып тасталған, құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан шығарылған;
2) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелер орындалған;
3) тұрғын үй төлемдерін алушы тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.
Бұл ретте тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда ол ағымдағы тұрғын үй төлемдерінен бас тартуға құқылы емес;
4) тұрғын үй төлемдерін алушыда не оның жұбайында (зайыбында) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, сондай-ақ неке шартының талаптарында өзге де тұрғынжай пайда болған жағдайларда тоқтатылады. Бұл ретте тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алу есепке алынбайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген жағдайда тұрғын үй төлемдерін алушының тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы іске асырылды деп есептеледі;
5) осы Заңның 101-1-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй төлемдерін алушы не оның жұбайы (зайыбы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған жағдайларда тоқтатылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-5-бап өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-5-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде жеке арнайы шотындағы ақшаны:
1) тұрғынжайды меншікке, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып алу, сондай-ақ осындай қарызды өтеу;
2) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тұрғынжайды меншікке алудан басқаға талап етуге болмайтын тұрғын үй құрылысы жинақтары түріндегі жинақтарды толықтыру;
3) тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу мақсатында пайдаланады.
Ипотекалық тұрғын үй қарызы болған кезде осы елді мекенде ағымдағы тұрғын үй төлемдері тұрғынжайды жалға алуға жүргізілмейді. Бұл ретте тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін тұрғын үй төлемдерін алушы ағымдағы тұрғын үй төлемдерін олар тағайындалған күннен бастап сегіз жылға дейін қоса алғанда пайдаланады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін белгіленген мерзім 2025 жылғы 1 шілдеден бастап есептеледі.
Жалға беруші мен тұрғын үй төлемдерін алушы арасында жасалған тұрғынжайды жалға алу шарты жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Тұрғын үй төлемдерін алушының тұрғын үй төлемдерін жақын туыстарынан, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алушының жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан тұрғынжайды меншікке алуға немесе жалға алу ақысын төлеуге пайдалануына жол берілмейді.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-6-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының құқықтары мен міндеттері
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемеден өзінің жеке арнайы шотына аударылған ақша туралы мəліметтерді жыл сайын талап етуге;
2) пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жеке арнайы шотында жинақтауға;
3) тұрғын үй төлемдерін қызмет өткеріп жүрген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде мақсаты бойынша пайдалануға құқылы.
2. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға;
2) тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген мақсаттарда пайдалану фактісі бойынша оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті растайтын шарттарды қоса бере отырып, қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені бұл туралы баянат арқылы хабардар етуге;
3) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы қызмет өткеретін мемлекеттік мекемені азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куəлік, анықтама берілген не сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде баянат арқылы хабардар етуге;
4) тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып орындаған кезде, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы меншік құқығы туындаған кезде осы міндеттемелер орындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені бұл туралы хабардар етуге;
5) қызмет өткеретін жерінде тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемесі болған кезде өзінің жеке арнайы жəне жинақ шоттарындағы артық тұрғын үй төлемдерін қабылданған міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге жыл сайын жіберуге;
6) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшелерінде тұрғынжайға меншік құқығы туындаған жағдайда, бұл туралы қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені тұрғынжайға меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде баянат арқылы хабардар етуге;
7) қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекеменің талабы бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдері аударылатын өзінің жеке арнайы жəне жинақ шоттарындағы ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмені ұсынуға;
8) осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын өзі қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекеменің шотына қайтаруға міндетті.
101-7-бап. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-8-бап өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-8-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қолсұғылмаушылық кепілдіктері
Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттемелері бойынша тұрғын үй төлемдері есепке жатқызылатын жеке арнайы шот ретінде ашылған банктік шоттар бойынша, сондай-ақ осы Заңның 101-5-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мақсаттар үшін жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасына тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғынжайға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақша бюджетке алып қоюға жатпайды, иесінің немесе басқа адамдардың міндеттемелері бойынша кепіл немесе өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-9-баптың тақырыбы өзгертілді; 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-9-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-9-бап. Қайтыс болған (қаза тапқан), хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелерінің, мұрагерлерінің құқықтары
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы қайтыс болған (қаза тапқан), оны заңда белгіленген тəртіппен хабарсыз кетті деп таныған немесе қызмет өткеру кезінде қайтыс болды деп жариялаған жағдайларда оның отбасы мүшелерінің, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлерінің жеке арнайы шотындағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар.
2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшелеріне біржолғы тұрғын үй төлемдері жүргізіледі.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, өзін қоса алғанда, ол қаза тапқан (қайтыс болған) кездегі отбасының құрамына сəйкес келетін əрбір отбасы мүшесіне он сегіз шаршы метр есебімен алынған тұрғынжай алаңын мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкер қызметін өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
3. Біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер тұрғын үй төлемдерін алушының қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) психикалық белсенді заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну жəне масаң күйі салдарынан;
4) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;
5) қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптарын бұзған тұрғын үй төлемдерін алушының əрекеттері салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дəлелденсе, төленбейді.
4. Осы Заңның 101-1-бабының 4-тармағында немесе 101-12-бабының 1-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін алмаған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне (немесе) əскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оларды алу құқығы олардың отбасы мүшелеріне өтеді.
5. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелері басқа тұрғынжай өтеусіз негізде берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайдан шығарыла алмайды.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-10-баптың тақырыбы өзгертілді; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-10-бап өзгертілді
101-10-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелері
Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелеріне:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жұбайы (зайыбы);
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен үгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) жатады.
Бала (балалар) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшесі (мүшелері) ретінде бір рет жəне олардың таңдауы бойынша ата-аналарының біреуінде ғана есепке алынады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 101-11-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-11-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-11-бап. Ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдары санатына жататын қызметкерлерге қызметтік тұрғынжай беру немесе жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Осы баптың 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ішкі істер органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) жəне 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнаулы шотына тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызынан аспайтын мөлшерде тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Бұл ретте азаматтық қорғау органының қызметкері мен оның отбасы мүшесіне арналған тұрғынжай алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен, бірақ тоқсан шаршы метрден аспайтын мөлшерде айқындалады.