«Әкімдіктің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 221 Қаулысы (күші жойылды)

Әкімдіктің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 221 Қаулысы

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6023 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»;

4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;

8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің толтырылуының дұрыстығын және құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, 5 (бес) минут.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.