«Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 265 бұйрығы

«Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 265 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:

5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау»;

6-тармақта:

бірінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;

бірінші бөлігінің 8) тармақшасы алып тасталсын;

үшінші бөлігі 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

«4) бағынысты ғылыми ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қарау және келісу;

5) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызметтерді, ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу.»;

10-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын.

11-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) ұлттық ғылыми кеңестердің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың мүшелері».

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.