(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...

Предыдущая страница

3) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарларынан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

15-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті

1. Жергілікті өкілді органдар:

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Жергілікті атқарушы органдар тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың жəне олардың салдарының алдын алу, жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

3. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы өкілеттіктеріне:

1) халық пен ұйымдарға азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабар беру;

2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, меншіктерді күзету, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсету;

4) азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын құру және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру;

5) аварияларды, төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;

6) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

7) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;

9) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;

10) игеріліп жатқан кен орындары аудандардағы және сейсмикалық қауіпті өңірлердегі бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын арттыру;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 10-1), 10-2) жəне 10-3) тармақшалармен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте сейсмикалық қауіптілікті бағалауды жəне сейсмикалық аймақтарға бөлуді (аудандастыруды) жүргізуді ұйымдастыру;

10-2) сейсмологиялық станциялар желісін жəне ерте құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін кеңейту жəне жаңғырту;

10-3) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) əртүрлі ауқымды карталарын жəне сейсмикалық қауіп-қатер карталарын бекіту;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) құлақтандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;

12) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;

13) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету;

14) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту;

15) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру;

16) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлу;

17) төтенше жағдайларды болғызбау, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі салдарларды жою және нұқсанды азайту жөнінде шараларды әзірлеу және қолдану;

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18) төтенше жағдай аймағында зардап шеккендерді медициналық қамтамасыз етуді, оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

19) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;

20) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21) және 22) тармақшалармен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің, траволаторлардың, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштердің пайдаланылуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

22-1) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді жою үшін тартылатын күштер мен құралдарды жанар-жағармай материалдарымен жəне тамақпен қамтамасыз ету;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 22-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

22-3) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтық қорғаныс жоспарын бекіту;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 22-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

22-4) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді (қажет болған кезде), білімді насихаттауды ұйымдастыру, халықты жəне мамандарды оқыту;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды

23) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

4. Жергілікті атқарушы органдар:

1) ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ерікті өрт сөндірушілеріне, құтқарушыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне осы Заңның 103-бабының 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес әлеуметтік көмек үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдауға;

2) ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, өртке қарсы ерікті құралымдарды жарақтандыруға жәрдем көрсетуге;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) бюджет қаражаты болған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, уәкілетті органға оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, салуға, реконструкциялауға жəне жөндеуге жəрдем көрсетуге;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4) уəкілетті органның аумақтық органдарына азаматтық қорғау саласында халықты оқыту жəне даярлау орталықтарын құруға жəне жарақтандыруға жəрдем көрсетуге;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) əртүрлі ауқымды карталарын жəне сейсмикалық қауіп-қатер карталарын əзірлеу үшін жергілікті бюджеттен ақша бөлу туралы шешім қабылдауға құқылы.

 

16-бап. Ұйымдардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Ұйымдардың:

1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) өздерінің объектілерінде болған авариялардың, оқыс оқиғалар мен өрттердің себептері мен мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекте азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге;

4) азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға;

5) өздері өз қаражаты есебінен ұстайтын кəсіби өртке қарсы қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ кəсіби өртке қарсы қызметті шарттар негізінде тартуға;

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізуге құқығы бар.

2. Ұйымдар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын орындауға;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға;

3) өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуға;

4) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауға, олардың мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге;

6) өрттерді сөндіру, аварияларды жою, олардың туындау және өршу себептері мен жағдайларын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуына, өрттердің және авариялардың туындауына жол берген тұлғаларды анықтау кезінде жәрдем көрсетуге, азаматтық қорғау күштерінің бөлімшелері ұйымдардың аумақтарында қызметтік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кіруін қамтамасыз етуге;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың және олардың мемлекеттік инспекторларының сұрау салуы бойынша өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы, оның ішінде өздері өндіретін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер, авариялар, оқыс оқиғалар және олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды беруге;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) өртке қарсы қызметке туындаған өрт туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгеруі туралы дереу хабарлауға;

9) төтенше жағдайлардың туындау қатері туралы немесе туындауы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беруге, жұмыскерлер мен халықты құлақтандыруға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жұмыскерлерге және басқа да азаматтарға төтенше жағдайлардың салдарларынан келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге;

11) жұмыскерлерді және өндірістік әрі әлеуметтік мақсаттағы объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға міндетті.

3. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша:

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

3) өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды зерттеп-қарау мен диагностикалауды жүргізуге;

4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 71-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық құрылғыларға техникалық куәландыруды жүргізуге;

5) қызмет етудің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларға оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін мерзімін анықтау үшін сараптама жүргізуге;

6) белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келетін лауазымды адамдар мен жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа жіберуге;

7) қауіпті өндірістік объектілерге бөгде адамдардың кіруін болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) авариялардың, оқыс оқиғалардың, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларының туындау себептеріне талдау жүргізуге, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті органның аумақтық органына және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлауға;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) аварияларды, оқыс оқиғаларды, қауіпті өндірістік объектілерде жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларын есепке алуды жүргізуге;

11) қауіпті өндірістік объектінің қаржылық-экономикалық қызметі жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды көздеуге;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жарақаттану және оқыс оқиғалар туралы ақпарат беруге;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды есепке алу (кіріс, шығыс, беру және қайтару) жөніндегі ақпаратты беруге;

13) мемлекеттік инспекторды қауіпті өндірістік объектіде болған кезде жеке қорғану құралдарымен, қауіпсіздік аспаптармен қамтамасыз етуге;

14) қызмет етуінің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуге;

15) осы Заңда айқындалған қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялауға;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;

17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың, жұмыскерлердің даярлығын, қайта даярлығын және білімін тексеруді қамтамасыз етуге;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда

18) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге шарттар жасасуға не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға;

19) 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20) тармақша жаңа редакцияда

20) қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21) осы Заңға және Қазақстан Республиксының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келісуге;

22) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруларды жүргізуге;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

23) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жиынтықпен, қажетті техникамен, жабдықпен, сақтандыру және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін әзірлікте ұстап тұруға;

24) қауіпті өндірістік объектілерде ықтимал аварияларды және олардың салдарларын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

25) аварияларды жою жоспарына сәйкес жұмыстарды жүргізуге материалдық және қаржылық ресурстардың резервтеріне ие болуға;

26) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға туындаған жағдайда мониторинг жүргізу, байланыс және іс-қимылдарды қолдау жүйелерін құруға және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

27) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға болған жағдайда жұмыскерлерді іс-қимылдарға оқытуды жүзеге асыруға;

28) жергілікті құлақтандыру жүйелерін құруға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға міндетті.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдарға, егер олар осы объектілерде:

көмірсутек шикізатын геологиялық барлауды қоспағанда, геологиялық барлау жұмыстарын және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбестен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстарын;

жүк көтергіш механизмдер пайдаланылатын жұмыстарды;

автожанармай құю станцияларын және астық қабылдау пункттерін пайдалануға байланысты жұмыстарды ғана жүргізсе, осы баптың 3-тармағы 18) тармақшасының күші қолданылмайды.

5. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша:

1) азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға;

2) объектілік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға;

3) әскери қақтығыстар жүргізу кезінде жұмыскерлерді және объектілерді қорғау бойынша азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыруға;

4) азаматтық қорғаныс бойынша жұмыскерлерді оқытуды жүзеге асыруға;

5) ұжымдық және жеке қорғану құралдарының запастарын құруға және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұруға;

6) өз объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.

 

17-бап. Қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы қызметі

1. Қоғамдық бірлестіктер азаматтық қорғау саласында:

халық арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асырады;

орталық және жергілікті атқарушы органдарға зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек беруде жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.

2. Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің құтқарушы немесе ерікті өрт сөндіруші мәртебесі болған кезде төтенше жағдайларды жоюға қатысуға құқығы бар.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қоғамдық бірлестіктер зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек көрсету жөніндегі өз қызметін уәкілетті органмен немесе оның аумақтық органдарымен үйлестіреді, олардың іс-қимылдары төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі тиісті іс-қимылдар жоспарларында көрініс табуға тиіс.

 

18-бап. Жеке тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Жеке тұлғалардың:

1) ұшырауы мүмкін төтенше жағдайлардың қауіпті факторларының туындау қатері туралы және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты күні бұрын алуға;

2) азаматтарды, объектілерді төтенше жағдайлардан және олардан туындаған салдарлардан қорғау мәселелері бойынша жеке өтініш білдіруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жіберуге;

3) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте қатысуға;

4) осы Заңда көзделген жағдайларда, азаматтарды қорғауға арналған ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, басқа да мүлікті пайдалануға;

5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтетуге;

6) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға;

7) мертігуіне немесе ауруына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған, мертігуден немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс болған асыраушысынан айырылған жағдайларда, егер бұлар төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі міндеттерді орындау салдарынан болған болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырылуға;

8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды өтету туралы сотқа қуыным беруге құқығы бар.

2. Жеке тұлғалар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;

2) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне өздеріне белгілі болған төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындағаны туралы хабар беруге;