(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ Ж...

Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 133-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидалары бекітілсін.

2. «Денсаулық сақтау технологияларын бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-85 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 18717 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.