«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 1-3/920 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 1-3/920 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9615 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызында «Әділет» нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 (28472) санында жарияланған):

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.