Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 447 Қаулысы
3-тармаққа сәйкес екі жыл бойы қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды (бұдан әрі - тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысуы рұқсат етілсін.