«Жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық есептерді және өндірілген пайдалы қатты қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар туралы есептерді, сондай-ақ өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 392 бұйрығы (2024.01.01. берілген өзгерістермен)

Жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық есептерді және өндірілген пайдалы қатты қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар туралы есептерді, сондай-ақ өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 392 бұйрығы

(2024.01.01. берілген өзгерістермен)

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 215-бабының 3-тармағының бесінші бөлігіне, 236-бабының 2-тармағының екінші бөлігіне және 272-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық есептерді және өндірілген пайдалы қатты қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар туралы есептерді, сондай-ақ өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы есепті ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.