ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы
(2025.01.04. берілген өзгерістермен)
Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және «Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің - мемлекеттік мекемелердің (соттар әкімшілерінің) атауы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
3. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.