Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 40/137 Қаулысы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2022.27.12. № 132/627 Қаулысымен преамбула жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республкасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.