«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 141 бұйрығы

 «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 141 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Ұлттық жоспарды әзірлеу мақсатында көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы Ұлттық жоспарды әзірлеу жылының алдындағы қатарынан екі жыл ішінде өндірілген өнім көлемі бойынша деректерді пайдаланады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Ұлттық жоспарда эталондарды бір жылға қолдану негізінде бөлінетін қондырғыларға арналған көміртегі квоталары Ұлттық Жоспарда айқындалған жылдар ішіндегі өнім көлемінің орташа мәнін тиісті бенчмаркқа көбейту және алынған мәнді көміртегі квотасын қысқартудың тиісті пайызына төмендету жолымен есептеледі.»;

3-тарау «3-тарау. Көміртекті квоталау» мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

«29-1. Егер есепті жылдағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепке сәйкес квоталанатын қондырғының көмірқышқыл газының шығарындылары жылына жиырма мың тоннадан кем болған жағдайда, квоталау субъектісі көміртегі квоталауынан квоталанатын қондырғыны қоспағанда, уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

Көміртекті квоталаудан шығару мақсатында квоталау субъектісі парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептің электрондық нысанын толтырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жүгінеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.