«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«112. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурсты ұйымдастырушының бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде енгізіледі.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал жекеше әріптесті айқындау бойынша қайталама конкурс өткізілетін жағдайда - күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарлайды.