«Азаматтық авиацияда ұшулады және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15554 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«РТЖБП-радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс;
ҰҚЖ - ұшу-қону жолағы;
ӘК - әуе кемесі;
ӘҚБ АЖ - әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
ЗИП - қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, керек-жарақтар жиынтығы;
ӨЖЖ - өте жоғары жиіліктер;
Жж - жоғары жиіліктер;
ЗТЗ - әуе кемесі-зертхана;
РМС - радиомаяк жүйесі;
VOR - барлық бағыттағы ӨЖЖ радиомаягі;
DME - қашықтық өлшеу жабдығы;
MKP - магниттік қону курсы;
UTC - әмбебап уақыт;
SITA - халықаралық авиациялық электр байланысы қоғамының деректерді беру желісі;
ГЦКС - хабарламаларды коммутациялаудың басты орталығы;
КРМ - курстық радиомаяк;
ГРМ - глиссадалық радиомаяк;
ВОРЛ - трассалық қайталама шолу радиолокаторы;
МРМ - маркерлік ӨЖЖ радиомаягі;
NDB - бағытталмаған радиомаяк;
OSB - қону жүйесінің жабдықтары;
GBAS - жер үсті функционалды қосымша жүйесі;
GPS - жаһандық позициялау жүйесі;
GRAS - функционалды толықтырудың жердегі аймақтық жүйесі;
US UND - жердегі қозғалысты басқарудың жетілдірілген жүйесі;
ҚШРЛ - қайталама шолу радиолокаторы;