Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бір немесе бір топ өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты тауар таңбасына арналған куәлікті алу құқығын басқаға беру туралы шартты тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;