Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-техникалык құжаттарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 шілдедегі № 123-нқ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 15-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы құрылыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 152-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормаларында 1.02-03-2022:
4.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4.6. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы, сондай-ақ күрделі салымдарды және күнтізбелік жылдар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін белу құрылыстың нормативтік ұзақтығы 6 айдан асатын көлемді және жазық объектілерді, сондай-ақ қүрылыстың нормативтік ұзақтығына қарамастан желілік объектілерді жобалау кезінде әзірленетін Құрылысты ұйымдастыру жобасы (бүдан әрі - ҚҰЖ) бөлімінде келтіріледі.