Жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін масштабтары 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасауға арналған аэрофотосуреттердің шифрларын ашу жөніндегі әдістеме және шартты белгілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 351 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін масштабтары 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасауға арналған аэрофотосуреттердің шифрларын ашу жөніндегі әдістеме;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жерге орналастыру, жерлерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарындағы аэрофотосуреттердің шифрларын ашу жөніндегі шартты белгілер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.