Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 81 Қаулысы
(2023.26.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26, 27, 65-баптарына және Атырау облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 23 ақпандағы № 123-VIІ «Атырау облысының басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы):
1) «Атырау облысы индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Индустриалдық - инновациялық даму басқармасы);
2) «Атырау облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кәсіпкерлік және туризм басқармасы) болып қайта құрылсын.
2. Атырау облысы әкімдігінің 2023.18.07. № 130 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Атырау облысы әкімдігінің 2023.18.07. № 130 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мыналар:
1) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Кәсіпкерлік және туризм басқармасы арасындағы бөлу балансы;
2) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен индустриалдық-инновациялық даму басқармасы арасындағы бөлу балансы бекітілсін.
5. Осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
6. Атырау облысы әкімдігінің 2023.18.07. № 130 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)