«Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 31 мамырдағы № 133 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Б. Жақселекова |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі