Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылғы І жартыжылдыққа арналған жартыжылдық тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 79-н/қ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылғы І жартыжылдыққа арналған жартыжылдық тізімі (бұдан әрі - Жартыжылдық тізім) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) Осы бұйрықтың көшірмесін 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне жіберуді;
2) Жартыжылдық тізімді Қазакстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды;
3) Жартыжылдық тізімнің орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | А. Сәтқалиев |