Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
10-қосымша
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.27.01. берілген өзгерістермен)
1. «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінгенде:
лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.