«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 441/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:
абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;
биллингтік мәліметтерді (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтерді);
техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының тұрған жерін;
деректер беру желісіндегі мекенжайды;
деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;
интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;
деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер туралы мәліметтер;