«Қасқырлар мен шибөрілерге қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 24 шешімі
«Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қасқырлар мен шибөрілерге қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4832 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2014 жылғы 13 қаңтарда жарияланған):
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: