Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 276 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 276 бұйрықпен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32596 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: