«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 шілдедегі № 631 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 шілдедегі № 631 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 78-1) және 78-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«78-1) мыс концентратын қайта өңдеу тарифін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

«78-2) мыс концентратын қайта өңдеу тарифін бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 249-1) және 249-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«249-1) жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

249-2) аукцион негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің аумақтарын қалыптастыру тәртібін айқындау;»;

мынадай мазмұндағы 258-1) тармақшамен толықтырылсын:

«258-1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлеу;»;

мынадай мазмұндағы 279-1) тармақшамен толықтырылсын:

«279-1) қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға аукцион өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

289) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«289) пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған аукцион өткізу және аукционның қорытындылары бойынша лицензия беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 307-1) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.