Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 238 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 322 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;