(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖЕЛIЛЕРIНІҢ ҚОСЫЛУ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-Қ...

Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығы

(2016.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.