Ақтөбе қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 55 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы № 1019 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-109 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда «Ақтөбе» газетінде жарияланған) қаулысы;