«Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 108 шешiмi

Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 108 шешiмi

 

ШЕШТІ:

1. Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26001 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 1 030 714 024 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 813 018 325 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 4 099 585 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 35 369 200 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 178 226 914 мың теңге;

2) шығындар – 991 638 961,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 14 097 244 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 47 399 396 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 47 736 396 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -22 421 577,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 22 421 577,2 мың теңге.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 8 102 607 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Қорғаныс шығындары 6 354 778 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 24 099 877 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Білім беру шығындары 280 527 597 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. Денсаулық сақтау шығындары 41 235 175 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.