(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕ...

 Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 56 бұйрығына

6-қосымша

 


Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің

кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру

 қағидасы

 

1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру мазмұнын және тәртібін айқындайды.

2. Кәсіби қызметтік даярлық - кеден органдары қызметкерлеріне жүктелген қызметтік міндеттерді сәтті атқару үшін қажетті кәсіби білімдер, машықтар және дағдыларды тұрақты жетілдіру мен игерудің ұйымдастырылған және мақсатты процесі.

3. Кәсіби даярлықтың негізгі міндеттері:

1) күрделі жедел ахуал және азаматтық қорғаныс жағдайларында күнделікті қызметтік міндеттерді атқаруға дайындық дағдысын қалыптастыру;

2) нақты бөлімшелерде қызметтің ерекшелігін есепке ала отырып, қызметкердің кәсіби шеберлігін жетілдіру;

3) арнайы техниканы және арнайы құралдарды, заманауи ақпараттық технологияларды және компьютерлік техниканы қолдану дағдыларын жетілдіру;

4) жеке құрамның кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының жоғарғы деңгейіне жету.

4. Кәсіби қызметтік даярлық жүктелген міндеттерді атқару үшін олардың қызметтік әрекеттерінің ерекшелігі мен профилін ескере отырып, қызметкерлердің қажетті білімін нығайтуға және жаңартуға бағытталған шаралар жүйесін қарастырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.