«Арнайы экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 24 маусымдағы № 630 бұйрығы

«Арнайы экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 24 маусымдағы № 630 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнайы экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16582 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың (бұдан әрі - ЕЭА) аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда қойылатын талаптар;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, ЕЭА аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидасы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, ЕЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және ЕЭА аумағынан тауарларды әкетуге және порттық ЕЭА-ға немесе логистикалық ЕЭА-ға тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидасы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, ЕЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаның нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, ЕЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттың нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, порттық ЕЭА-ға немесе логистикалық ЕЭА-ға тауарларды әкелуге рұқсаттың нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.