«Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 271 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16948 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 271 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 160 бұйрығымен
бекітілген