«Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 128 Қаулысы
Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Семей қаласының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы мен 2-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
| Н. Нурсагатов |
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 128 қаулысына
Қосымша
Семей қаласының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |