«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 4 бұйрығы

 «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 4 бұйрығы

 

1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

«2-1-тарау. Электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері

18-1. Электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығындағы негізгі қуаттың иелері тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – ЭӨҰ) болып табылады.

18-2. Негізгі қуат иесі өзінің интернет-ресурсында және монополияға қарсы органда орналастырады:

негізгі қуат иесі әзірлейтін электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында сатып алу-сатудың Үлгілік шарты;

алдағы жеткізілім жылына ҚҚС-сыз 1 кВт*сағ үшін құны;

өтінімдерді қабылдау үшін ақпараттық жүйенің болуы және оған қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат. Өтінімдерді электрондық пошта арқылы қабылдаған жағдайда оның нақты атауы мен мекенжайын көрсету қажет.

18-3. ЭӨҰ жыл сайын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей өзінің және монополияға қарсы органның интернет-ресурсында келесі жылға шарт жасасу үшін қолда бар және резервтелген қуат туралы ақпаратты орналастырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.