«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 276 бұйрығы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.