«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 және «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 22 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 87 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 және «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 22 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 87 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеде:

2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) артық функция - мемлекеттік органның даму жоспарының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалы болып табылмайтын функция;»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мақсаттармен салыстыру және функцияларды саралау кезеңі.

Мақсаттармен салыстыру:

стратегиялық құжаттарға байланыстыру: функцияның мемлекеттік бағдарламалармен, ұлттық басымдықтармен, салаларды дамыту стратегияларымен, мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларымен байланысын талдау;

нысаналы индикаторлармен және KPI-мен байланыс: функцияны орындау нақты негізгі тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) және мемлекеттік орган немесе сектор үшін белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге қалай әсер ететінін анықтау;

салымды бағалау: стратегиялық міндеттерді шешуге және жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге функцияның тікелей және жанама үлесін сандық және сапалық бағалау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.